Біз туралы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығы»
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығы»

Нұр-Сұлтан қаласының Тарихи-мәдени мұра объектілерін және  ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі орталық Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес құрылды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіш болып табылады және XIX ғасырдың аяғындағы ағаш сәулет өнерінің өзіндік үлгілерінің біріне жатады.

Орталық Нұр-Сұлтан қаласының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, қалпына келтіру және насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Ескерткіштермен және мәдени маңызы бар объектілермен жұмыс істеу және олардың сақталуына бақылау жүргізіп, тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық жай-күйін зерделеуді, ағымдағы жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Жыл сайын ескерткіштер тізімі жаңартылып, Нұр-Сұлтан қаласының жаңадан анықталған тарих және мәдениет ескерткіштерін қамтиды.

Мемлекеттің қорғауында тарихи-мәдени мұраның 46 ескерткіші бар, оның ішінде: 3 - республикалық және 43 - жергілікті маңызға ие.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ескерткіштердің жалпы саны – 98 (оның ішінде: 46 тарих және сәулет ескерткіштері, 39 монументалды өнер ескерткіші және 13 археология ескерткіші).

Байланыс
Мекен-жай:
Отырар, 1/2
Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім